top of page

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ НӘТИЖЕЛЕРІ

  1. Оқу бойынша қорытынды бағалар:
1 курс - 4
2 курс - 4
3 курс - 5
4 курс - 5
     2. Машықтама бойынша:
2 курс - 5
3 курс - 5
4 курс - 5
     3. Курстық жұмыс бағасы: 

Мұғалім мамандығы, эссе

   Ұстаз…   Қандай  қасиетті  сөз!  Әр адамның  жүрегіне  ерекше жылулық нұрын  себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегінде  қадір  тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі- Ұстаз. «Ұстаз»  деген  қазақ  баласы  үшін  қашанда  қасиетті,  қадірлі  болған. «Ұстаздан  тәрбие  алған» немесе «ұстаз алдын көрген» деген сөздер құлаққа «ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады.  Ұстаз  әр адамның жанына білім дәнін сеуіп, әр шәкіртін аялап, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады.  Дәлірек  айтсақ, адамды  өмір  сүре  білуге  тәрбиелейді.  Сол  үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді.  Менің ойымша, кез келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі, ұстаздық өнер  — тағылымы  терең  өнер.  Ал өнерлі  болу кез- келген адамға  қона бермейді.  Олай  болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен терең еңбекке ұштастырылуы шарт.  «Шәкіртсіз  ұстаз тұл»  деген  тегін  айтылмаса  керек.  Дүниедегі  сыйлы  адам да  ұстаз. Себебі,  шәкірт  өнер, білім, әдеп, тәрбие, кәсіп үйреткен адамының алдында өзін өмір бойы қарыздармын деп санап, ұстазының көзі тірісінде өзін, өлгеннен кейін аруағын сыйлап, ардақтап өтеді.
ЖЕТІСТІКТЕРІМ

Ресми марпатталған аймақтық және қалалық олимпиадалар мен сайыстардан алған мадақтамалар тізімі:

1. Ағылшын тілі пәнінен қалалық олимпиададан ІІ дәрежелі мадақтау қағазы.

2.Ағылшын тілі пәнінен өткен сайыстан мадақтама.

3. Кәсіпкерлік қызмет негіздері курсын өткен үшін сертификат.

4."Айбай оқулары сайысынан" І орын иеленгені үшін мадақтама.

bottom of page